ЕНДІ ТУДЫ ТЕБЕТІН БОЛДЫҚ

25.07.2011, 18:17
ЕНДІ ТУДЫ ТЕБЕТІН БОЛДЫҚ

Қазақты қойдан момын, жуас халық деген сайын балақтағы битіміз өрмелеп-өрмелеп басқа шығатын сияқты ма, қалай өзі? Туымызды ішкиім қылды. Кеденді күзеткендер көк байрағымызды теріс іліп қойды, оны да жаздық. Өстіп жүргенде сай-сүйегімізді сырқырататын тағы бір жайсыз «жаңалыққа» төтеннен тап бола қалдық. Ал, әйтпесе! Масқара, енді Туымызды жасыл алаңға шығарып алып, әрі де, бері де тебетін болдық! Ілгеріде отбасымыздағы үлкендер «Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме, Жаратқан» дегенді жиі айтушы еді. Міне, дұшпанға таба болды деген осы шығар енді. Мына суреттегі допқа жақсылап назар аударсаңыз, баттиып тұрған өзіміздің көк байрағымызды көзіңіз шалады (суретті облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының жанындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкері Айбек Бауыржанұлы түсіріп алыпты). Сосын тағы бір байқағанымыз – бұл кәдімгі футбол добы. Демек, осы былғары допты жасыл алаңға алып шығып, енді бетіміз бүлк етпестен, Мемлекеттік Рәміздеріміздің Ең Үлкені саналатын Туды «рахаттана» тебетін болдық. Көрдік, ішіміз күйді, енді қайтеміз, тұз жалаймыз ба? Бұл суретті бізге ұсынған Айбек Бауыржанұлы бауырымыз: «Бұл не масқара, Туымызды әбден қорлап бітті, бұған өзі арнайы заң бар ма?» деп зәрезап болды, тіпті жылап жібере жаздады. Қазақтың бір ғана қара домалақ баласы шыр-пыр болып жатқанда біз мұндай кемшіліктерге шыдай алмадық. Иә, әншейінде «Көк Тудың желбірегені-ай!» деп әндеткенде даусымыз жер жарады… Ал… Осы біздің Мемлекеттік Туымызға деген құрметіміз мемлекеттік тұрғыдан алғанда қандай? Туды қорлағандарды қандай жазаға тартуға болады? Міне, осы сауалдар көкейімізде атой салып тұрған соң заңдарды ақтарыстырып та көрдік. Дәл жауап заңнамадан да табылды деп айту қиын. Рәміздер туралы Конституциямыздың 15-бабында: «Осы заңның талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану, …мемлекеттік рәміздерін қорлау ҚР Заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады» деп жазылыпты. Дұрысы дұрыс қой. Бірақ осы заңның 4-бабын шұқшиып тұрып оқып көрсеңіз: «Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін» делінген. Сонда қалай? Материалдық объектілер дегенді біз түсіне алмадық. Әйткенмен, егер бұл жердегі материалдық объекті дегеніміз – киім-кешек, өзге де спорттық атрибуттар болса, онда жетіскен екенбіз… Әлбетте, мана айтып отырған допты шығарушы фирма біздің күдігімізде қытайлық фирма болуы ықтимал. Осыдан бірер жыл бұрын аса құнды рәмізімізді аяқасты еткен қытайлық бір фирма сазайын тартыпты дегенді естігенбіз. Енді қайтпек керек? P.S. Бәлкім, біз бұл мәселені жиі жазып жүргендіктен, сіз «Айта, айта Алтайды, Жамал апа қартайды» деуіңіз кәдік. Бірақ ұлтымыздың, мемлекетіміздің басты символын, нышанын қорлап жатқан ессіздердің мұндай оспадар әрекетіне, өзім білермендігіне тосқауыл болса деген ниетпен біз қалам сілтеп жүрміз. Жоғарыда айттық, Заңымыздың өзінде екіұштылық бар екенін. Ендігі кезек, Парламенттің орынтағында қонжиып отырған халық қалаулыларында. Мемлекетіміздің мақтанышы саналатын рәміздеріміздің құқығын таптатпайтын бір жақты заң қабылданса, біз де есерсоқтардың айылы жыйылатынына кәміл сенген болар едік. Табиғат АБАИЛДАЕВ, Тараз қаласы «Халық сөзі»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.355
Ничья
5.45
П2
9.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.019
Ничья
3.85
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.986
Ничья
3.87
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.155
Ничья
3.585
П2
2.324
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.364
Ничья
3.85
П2
2.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.225
Ничья
3.745
П2
1.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.075
Ничья
15
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.671
Ничья
4.53
П2
4.84
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.14
Ничья
9.85
П2
21
Aladop Youtube
×