Энрике мен Дембеле татуласты

Жүрген жерінде қыңыр мінез көрсететін Усман Дембеле жақында "ПСЖ" бас бапкері Луис Энрикемен сөзге келіп, клуб ішінде жанжал шыққан. Ұрыс-керістен кейін Энрике Дембелені Парижге тастап, Чемпиондар лигасының екінші турында "Арсеналға" барып жеңіліп қайтқан болатын.

Энрике мен Дембеле татуласты
фото ашық дерек көзден алынды

Мінезі ит болғанымен ойыны сойқан француздық вингердің сол ойында жоқтығы қатты білінді. Команда Парижге оралған соң клуб басшылығы Энрике мен Дембелені татуластырған көрінеді. Ол негізгі құрам ойыншыларының алдағы бейсенбідегі жаттығуына қосылып, жексенбіде өтетін Лига1 кезекті туры “Ницца” ФК қарсы матчқа қатыса алады. Бас бапкер Дембелемен жеке сөйлесіп, арадағы мәселені екеуара отырып шешіп алыпты. Даудың басы, Дайрабайдың көк сиырынан демекші, француздық  RMC Sport телеарнасының айтуынша жанжалдың туындауына Дембеленің жасыл алаңда допты көп ұстап, әріптестеріне пас бермей жүріп алатыны бапкердің ашуына туғызған. Энрике тәкаппар ойыншыға киім ауыстыру бөлмесінде ұрысып, команданың көзінше қатаң ескерту жасапты. Оған ренжіп қалған Дембеле “Ренмен” өткен матчтың ертесіне жаттығуға кешігіп келіп, жағдайды тіптен ушықтырып жіберген. Лондонға бармай қалуының себебі содан дейді клубқа жақын адамдар. Қазір “ПСЖ” ФК ішіндегі ауа-райы тұрақтап, ұжымда татулық орнады. Бірақ, талапшыл Энрике мен қырсық Усманның достығы ұзаққа бармайтын секілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Франция ПСЖ
Aladop Youtube
×