Көкшетаулық "Оқжетпес" 23 жастағы бразилиялық қорғаушы Энцо Мендеспен арадағы келісімнің аяқталғанын мәлімдеді.
Мендес Қазақстанға қоныс аудармай тұрып, “Портимоненсе”, “Лондрина”, “Лейшойнш”, “Деспортиво” клубтарында өнер көрсетті.
2025 жылдың жаз айында қорғаушы семейлік “Елімайға” ауысып келген еді. Алайда көп уақыт ұзамай Энцо Андрей Карпович баптайтын командадан кетіп қалды. Бірақ ақыры соңында ол “Оқжетпеске” қосылып, сонда 4 ойын өткізді.
Трансфермаркет еркін агент атанған ойыншыны 25 мың еуроға бағалайды.