Эр-Риядтағы кездесу – Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду кезекті рет жүздесті

Бүгін, 07:10

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында әлемдік спорттың қос аңызы — Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду кездесті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Эр-Риядтағы кездесу – Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду кезекті рет жүздесті

Достардың жылы жүздесуі түсірілген видеоны GGG өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.

"Тағы да жұдырықтасасың ба?"

Кездесу барысында футбол жұлдызы Геннадийді құшақ жая қарсы алып: "Сені көргеніме қуаныштымын, бауырым!" — деп ілтипат білдірді. Роналду отандасымыздың алдағы жоспарларына қызығушылық танытып, оның әлі де рингке шығу-шықпайтынын сұрады.

Бұл сауалға Головкин: "Мүмкін, келер жылы бір жекпе-жек өткізіп қалармын.” — деп жауап берді. Айта кетейік, 43 жасқа толған былғары қолғап шебері спорттық мансабын ресми түрде аяқтаған жоқ. Ол бұған дейін де лайықты ұсыныс түссе, рингке қайта оралуға дайын екенін бірнеше мәрте айтқан болатын.

Сапардың мақсаты: Үлкен бокс кеші

Геннадий Головкин Эр-Риядқа World Boxing президенті ретінде арнайы шақыртумен барды. Ол мұнда әлемдік бокс жұлдыздарының қатысуымен өткен "Жапония vs Мексика" форматындағы ауқымды шоуды тамашалады.

Атап айтқанда, GGG кештің басты жекпе-жегі — P4P рейтингінің көшбасшысы, Жапониялық Наоя Иноуэ мен Мексикалық Давид Пикассо арасындағы айқасқа куә болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×