«Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хаг «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
52 жастағы голландиялық маман «қызыл сойқандармен» 2025 жылдың жазына дейін есептелген келісім-шартқа қол қойды. Тен Хаг «Манчестер Юнайтедті» алдағы маусымнан бастап жаттықтырады.
«Аякста» өткізген төрт жыл ішінде Эрик өзін Еуропадағы ең мықты және табысты бапкерлердің бірі ретінде көрсетті, ол өз командасының тартымды ойынымен және жас ойыншыларға деген адалдығымен танымал болды. Біз Эрикке сәттілік тілейміз, өйткені ол осы маусымды «Аякспен» сәтті аяқтауға тырысып жатыр және оның «Манчестер Юнайтедке» келуін асыға күтеміз», - деді клубтың спорт директоры Джон Муртау.
«Мен «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері болғанымды мақтан тұтамын және бұл ұлы клубтың тарихын, жанкүйерлердің қаншалықты құмарта қолдайтынын білемін. Мен команданы дамытып, онымен лайықты табысқа жетуді көздеп отырмын.
Керемет жылдардан кейін «Аяксты» тастап кету оңай болмайды. Мен жанкүйерлерді «Манчестер Юнайтедке» қосылғанға дейін бар назарымды амстердамдық клубқа аударамын деп сендіргім келеді», - деді тен Хаг.
Тен Хаг 2017 жылдың желтоқсанынан бері «Аяксты» баптап келеді. Оның жетекшілігімен амстердамдық команда екі рет Нидерланды чемпионы және ел кубогінің иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET