Эривалдо «Тараз» ойыншысы атанды

26.08.2021, 20:11
27 жастағы португалиялық футболшы 84-нөмірмен ойнайды.
Эривалдо «Тараз» ойыншысы атанды

"Тараз" футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Эривалдомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы жамбылдық клубта 84-нөмірмен ойнайтын болады.

27 жастағы Эривалдо "Астанаға" кеткен Педро Эуженионы алмастырады. Ол соңғы кездері болгариялық "Берое" клубында ойнады. Шілдеде келісім-шарты аяқталғандықтан, еркін агент мәртебесін алды.

Болгарияға қоныс аудармас бұрын Эривалдо Португалияның бірқатар клубтарында ойнады, соның ішінде "Лейшоеш", "Маритиму", Академика Визеу және "Авес" командаларының намысын қорғады. Сондай-ақ ол өз елінің жастар құрамасында бір матч өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×