Еркебұлан Сейдахмет: «Қырғызстанмен болатын ойында өзімізді тексергіміз келеді»

19.03.2022, 21:41
Еркебұлан соңғы кездері «Қайрат» сапында қорғаушы ретінде ойнап жүр.
Еркебұлан Сейдахмет: «Қырғызстанмен болатын ойында өзімізді тексергіміз келеді»

Қазақстан жастар құрамасы мен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет алдағы Қырғызстан мен Шотландияға қарсы өтетін ойындар туралы пікір білдірді:

- Кеше чемпионаттың кезекті турын аяқтап, бүгін таңертең барлығымыз Талғардағы жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынына келдік. Алдымен Қырғызстан құрамасымен жолдастық матч өткіземіз, одан кейін 29 наурызда Шотландиямен ойнаймыз. Қырғызстан құрамасына қарсы ойында өзіміздің артықшылықтарымыз мен кемшіліктерімізді көргіміз келеді. Олардың оңай қарсылас емес екенін білесіздер. Талантты және сапалы ойыншылардын жасақталған. Бұл матч өте қызықты болады деп ойлаймын. Сондай-ақ Шотландияны жеңу үшін Қырғызстанмен болатын жолдастық кездесуде өзімізді жақсы қырынан көрсетуге тырысамыз. Барлық жанкүйерлерді алдағы ойындарда бізді қолдауға шақырамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×