“Қайрат” футбол клубының баспасөз-қызметі Еркебұлан Сейдахметтің Алматы ұжымы сапында мерейтойлы кездесуін өткізгенін хабарлады.
“Тобылға” қарсы өткен кездесу 24 жастағы футболшы үшін “Қайрат” қатарындағы 100 ойыны болып тіркелді (2:2).
Сейдахмет сары-қаралар командасына ауысқанға дейін өзі түлеп ұшқан “Тараз”, ресейлік УФА мен болгариялық “Левскиде” өнер көрсетті.
Еркебұлан 2019 жылдың 30 маусымында “Қайраттың” “Астанамен” болған кездесуінде дебют жасады. Сол матчта сары-қаралар елорда командасын 2:0 есебімен жеңді.
"Қайрат" сапында 100 ойында Сейдахмет 8 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET