Еркебұлан Тұңғышбаев “Ордабасы” клубымен қош айтысты

30 жастағы жартылай қорғаушы шымкенттік ұжымның Премьер-лигада көп ойын өткізген футболшылары арасында рекордсмені болатын.

Еркебұлан Тұңғышбаев “Ордабасы” клубымен қош айтысты

Шымкент футболының түлегі Еркебұлан Тұңғышбаев негізгі ұжымда 2014 жылдың 22 наурызында дебют жасаған. Содан бері жартылай қорғаушы клуб жүйесінде барлығы 248 ойын өткізіп, 35 гол мен 24 голдық пас берді. 

Кей деректерге сенсек, Тұңғышбаев “Ертіс” ұжымына ауысуы мүмкін делінген. 

Еске салайық, "Ордабасы" командасы ел намысын бүгінде Конференция Лигасында қорғауда. Андрей Мартин баптайтын ұжым іріктеудің алғашқы матчында “Торпедо” Кутаисиден 4:3 есебімен ұтылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Ордабасы
Aladop Youtube
×