Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» ойыншысы атанды

13.03.2021, 01:16
Еркебұлан шымкенттік клубта 21 нөмірмен өнер көрсетпек.
Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» ойыншысы атанды

«Ордабасы» футбол клубы қазақстандық жартылай-қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаевпен келісім-шартқа отырды.

Еркебұлан шымкенттік футболдың тәрбиеленушісі болып табылады, кәсіби футболда алғаш рет «Ордабасымен» еңбек-шартына отырған. Кейін 2019-жылдан бастап, екі жыл алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Премьер-Лигада 171 ойын өткізіп, 22 гол соқты, 20 нәтижелі пас берді.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 кездесу өткізіп, 1 голмен көзге түскен. «Қайратпен» бірге Премьер-лига чемпионы және вице-чемпионы атанған (2020, 2019), сонымен қатар «Ордабасы» сапында қола жүлдегер атанған (2017).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×