"Еркек" деп Брозовичті айт

25.10.2018, 04:43
"Еркек" деп Брозовичті айт
Италиялық "Интернационале" клубының жартылай қорғаушысы хорватиялық Марцело Брозович жексенбі күні өткен миландық дербиде 12,5 км жүгіріп шықты. Әрине, бұл футболшы үшін таңғаларлық жәйт емес. Алайда мына жағдайдан соң, оның қазіргі кездегі футболшылардың  көбісінде жоқ  мінезіне еріксіз риза боласыз. Бірінші таймда жарақат алған ол  15 минут үзіліс бойы бұлшық еттерін суытпас үшін велотренажерде жаттығады. Артынша екінші таймға шығып, матчты түгелімен ойнап шығады. Оның үстіне бұл ойында ең көп пас берген де дәл осы "шаршамайтын" Брозович болды.

Руслан Мералиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×