Еркін Тапалов «Тұран» ойыншысы атанды

01.02.2022, 00:05
Футболшы өткен жылы Қазақстан құрамасында дебют жасады.
Еркін Тапалов «Тұран» ойыншысы атанды

Түркістандық «Тұран» 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркін Тапаловпен келісім-шарт жасасты.

«2021 жылғы маусым үшін туған клубым «Ақжайыққа», Азамат Шайхы бастаған клуб басшылығына сенімі мен қолдауы үшін айтар алғысым шексіз! Жыл бойы бізбен бірге болған, бізді қолдап, жанкүйер болған, бізге сенген жандарға мың алғыс! Жаңа маусымда командаға сәттілік тілеймін. Мен жаңа сынақты қабылдадым», - деді футболшы өзінің Instagram парақшасында.

Өткен маусымда Еркін Тапалов «Ақжайық» жейдесінде 25 ойын өткізіп, екі гол соқты және Қазақстан құрамасында дебют жасады.

Тапалов бұған дейін «Жетісу», «Каспий» және «Шахтер» командаларында ойнаған. Премьер-лигада 133 матч өткізіп, 4 гол мен 5 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×