Еркін Тапаловтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

20.01.2022, 16:41
Футболшы жақын арада жаңа командасының оқу-жаттығу жиынына қосылады.
Еркін Тапаловтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Қазақстан құрамасының әмбебап ойыншысы Еркін Тапалов «Тұранмен» келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Оның қызметіне «Атырау» мен «Ақжайық» клубы да қызығушылық танытып отыр. Бұған дейін Тапаловтың «Ақтөбемен» келіссөз жүргізгені туралы хабарланған болатын.

Алдағы уақытта Еркін «Тұранның» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады деп күтілуде.

Өткен жылы Еркін Тапалов Қазақстан құрамасы сапында дебют жасап, содан бері бес кездесу өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×