«Боруссия Дортмундтың» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Челсидің» трансферлік мақсатына айналды, деп хабарлайды Goal Sky Sport Italia-ға сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, Лондондық клуб жазғы трансферлік кезеңде футболшыны сатып алуға тырысады.
Ал өз кезегінде, «Челсидің» бас бапкері Фрэнк Лэмпард бұл ақпаратқа былай жауап қатты:
«Эрлинг - бұл керемет шабуылшы, мүмкіндіктерді сәтті пайдаланады. Бомбардирлік қасиет оның қанында бар. Мен оны суретіне қарап осылай бағалаймын, өйткені мен оның ойынын ешқашан стадионнан көрген емеспін және оған ешкім қарсы ойнаған жоқ.
Ал қауесетке келетін болсақ, мен бұған тоқталмас едім. Біріншіден, мен ешқашан біздің клубтың трансферлік жоспарын журналисттермен талқыламаймын, екіншіден, менің басты міндетім - команданы дайындау, сондықтан менен әр қауесет туралы сұраудың қажеті жоқ».
Бұған дейін Эрлинг Холанд 21 жасқа дейінгі Еуропадағы ең үздік жас футболшыға берілетін Golden Boy сыйлығын алған болатын.
Германия чемпионатының ағымдағы маусымында Холанд 8 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар Чемпиондар лигасының 4 кездесуінде 6 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET