Эрлинг Холандтың Чемпиондар лигасы тарихында ерекше көрсеткіші

19.02.2020, 22:48
Эрлинг Холандтың Чемпиондар лигасы тарихында ерекше көрсеткіші

Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясында «Боруссия» өз алаңында «ПСЖ-ны» бірінші матчта 2:1 есебімен ұтты. Алаң қожайындары сапынан Эрлинг Холанд дубль авторы атанды.  

Осылайша, Эрлинг Чемпиондар лигасы тарихында бір маусымда екі клуб қатарында гол салған футболшы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, 19 жастағы сұрмерген Австрияның «Ред Булл Зальцбург» командасының сапында топтық кезеңдегі 3 ойында 8 гол салып еді.

Негізі норвегиялық ойыншы «Брюненің» түлегі. Неміс командасы 2020 жылы футболшыны 45 миллионға сатып алған еді. (оның 20 млн «Зальцбург», 10 млн-ын Эрлингтің әкесі, қалған 15 млн-ды агенті Мино Райола алды). Келісім-шарты 2024 жылға дейін жарамды.

Сондай-ақ, ол «Боруссия» жейдесінде Бундеслига, Германия Кубогы мен Чемпиондар лигасында да доп салған жалғыз ойыншы. Жаңа жылдан бері 7 ойынға қатысып, 11 голдың авторы атанған.

Екі команда арасындағы жауапты матч 11 наурызда Парижде өтеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×