
Эрлинг Холанд сырт келбетін мүлде өзгертіп, жанкүйерлерге ұмытылмас сәт сыйлады. Ол "Манчестер Сити" ойыншылары Йошко Гвардиол және Илкай Гюндоганмен, сондай-ақ ЕФЛ жұлдыздары Уилл Григг, Джей Стэнсфилд және Эллис Симмспен бірге Kellogg’s Football Camps жобасының аясында өткізілген фототүсірілімге қатысып, ерекше рөлге енді.
Kellogg’s биылғы жазда 30 000-нан астам ТЕГІН футбол лагеріне орын ұсынып отыр. Осыны атап өту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада кішкентай футболсүйер қауым жаңа Puma жейдесінің фотосессиясына қатысамыз деп келген. Алайда оларды ерекше тосынсый күтіп тұрды.
Холанд қалың парик пен мұрт тағып, танылмастай болып киінген. Ал Гюндоган мен Гвардиол да түрлі образдарға еніп, жанкүйерлерден жасырынып тұрды.
Ал Гюндоган мен Гвардиол да түрлі образдарға еніп, жанкүйерлерден жасырынып тұрды.
Кенеттен футболшылар бетперделерін шешіп, өздерінің кім екенін көрсеткенде, жас жанкүйерлер таңғалыстарын жасыра алмады. Олар сүйікті ойыншыларын тура көз алдында көріп, ерекше қуанышқа бөленді.
ЕФЛ бомбардирлері Стэнсфилд, Симмс және Григг те өз кейіптерін ашып, балаларды таңғалдырды.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET