Эрлинг Холандт осы жазда «Реалға» ауысуы ықтимал

18.03.2025, 23:30

Норвегиялық шабуылшы жазда «Манчестер Сити» сапынан кетуі мүмкін.

Эрлинг Холандт осы жазда «Реалға» ауысуы ықтимал
Эрлинг Холандт

Бұл туралы El Nacional мәлімдеген. Эрлинг Холандтың клуб ауыстыруына келесі маусымда командасының Чемпиондар лигасынсыз қалу мүмкіндігі түрткі болып отырған көрінеді. дайын емес. Егер «қалалықтар» АПЛ-де сәтсіз ойынын жалғастырып, құрлықтың басты жарысынан тыс қалатын болса, норвегиялық шабуылшы басқа клуб іздеуге мәжбүр болады делінген танымал басылымның хабарламасында.

Эрлинг Холандқа қызығушылық танытып отырғандар жетерлік. Бұл қатарда мадридтік «Реал» бар. Корольдік клубтың норвегиялық шабуылшыға осыған дейін де қызығушылық танытқаны белгілі. Сондай-ақ, «ПСЖ» да оны өзінің қатарынан көруден кетары емес. Соңғы шешім шабуылшының өзінде болатын секілді, себебі Холандтың өзі Франция чемпионатына ауысуға аса құлық танытпайды.

Айта кетейік, Эрлинг Холандтың «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2034 жылдың маусым айына дейін жасалған. «Манчестер Сити» қазір Англия Премьер-лигасында бесінші сатыда келеді. Хосеп Гвардиоланың командасы 29 ойыннан кейін 48 ұпай жинаған. Эрлинг Холанд 38 матта 29 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×