Эрлинг Холандтың сүйіктісі Aғылшын жұлдыздарының назарын өзіне аударды

15.10.2025, 15:30

“Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холандтың сүйіктісі Изабель Хаугсен Йохансен әлеуметтік желіде жариялаған фотосымен жанкүйерлер мен жұлдызды жұптардың назарын өзіне аударды.

Эрлинг Холандтың сүйіктісі Aғылшын жұлдыздарының назарын өзіне аударды
Isabel Haugseng Johansen

22 жастағы Изабель Рим қаласында түскен суретін Instagram парақшасына жүктеп, “Already missing Rome” деп жазба қалдырған. Фотодағы оның сәнді образы мен талғампаз киім үлгісі көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды.

Ағылшын футболшысы Джек Грилиштің сүйіктісі Саша Этвуд та бұл суретті назардан тыс қалдырмай, пікір қалдырған:

— “О, сен керемет көрініп тұрсың!” — деп жазды ол.

Жанкүйерлер де Сашаның пікіріне қосылып, пікірлер легін жаудырды:

— “Керемет!”, “Сұлусың!”, “Нағыз стиль иесі!” деген жылы сөздер толассыз жазылды.

Изабель мен Эрлингтің қарым-қатынасы бес жыл бұрын басталған. Екеуі бала кезінде Норвегиядағы “Брюне” академиясында танысқан. Холанд 2020 жылы “Боруссия Дортмундқa” ауысқан соң, олардың қарым-қатынасы нығая түскен.

Өткен жылдың желтоқсанында жұп тұңғыш ұлын өмірге әкелді. Ал Норвегиялық шабуылшы жуырда сұхбатында отбасын заңдастыру ойы бар екенін де меңзеп өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×