Эквадорлық қорғаушы 27 жастағы Первис Эступиньян "АС Милан" ойыншысы атанатын болды. Италиялық клуб Тео Эрнандес Сауд Арабиясының “Аль-Хилаль” клубына ауысқаннан кейін оның орнын басатын ойыншыны іздеген еді.
Фабрицио Романоның мәліметінше, “Брайтон” мен “Милан” арасында Эступиньянның трансфері бойынша толық келісім жасалды.
Трансфер сомасы 17 миллион еуро + 2 миллион еуро бонус түрінде, ал футболшымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалады. Осылайша, Первис Эступиньян “Миланның” жаңа сол жақ қорғаушысы атанып отыр.
Эквадор құрамасының ойыншысы өткен маусымда барлық турнирде 36 матчқа қатысқан болатын.