Ертең, 5-тамызда ел чемпионы «Ақтөбе» румыниялық «Стяуаға» қарсы чемпиондар лигасының үшінші раундының қарымта кездесуін өткізуге Бухарестке аттанады.
Батыс-қазақстандық клуб ертең Ақтөбеден жергілікті уақытпен сағат 11-де чартерлік рейспен Бухарестке жол жүреді. Сол күнге бас бапкер Владимир Газзаевтың қатысуымен матч алдындағы пресс-конференция болады және «Национальный» стадионында ойыналды жаттығу жұмыстары белгіленген.
Кездесу 6-тамызда 23:30-да (Астана уақыты.) басталады. Матчқа Мирослав Зелинка бастаған чехиялық арбитрлер бригадасы қазылық ететін болады.
Vk.com/fcaktobe_kz