Ертең «Реалға» қарсы негізгі қақпашы кім? «Қайраттың» бас бапкері нақты жауабын берді

29.09.2025, 13:48

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы кездесу қарсаңындағы баспасөз-жиынына қатысып, ойын ортаға салды.

Ертең «Реалға» қарсы негізгі қақпашы кім? «Қайраттың» бас бапкері нақты жауабын берді
Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" ФК бас бапкері

Айта кетейік, ертең алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінің 2-туры аясында «Орталық» алаңда испаниялық топ-клубты қабылдайды.

«Иә, дәл қазір Шерханға сенім артамыз. Негізгі қақпашы сол. Бірақ ертеңге дейін күтейік, уақыты келсін. «Жетісумен» ойынды кейінге шегердік. Бәрін ысырып қойып, «Реалға» алаңсыз дайындық жүргіздік. Төрт күніміз болды бұған. Ойыннан кейін де біраз уақыт болады тынығатын. Мұндай режимде бұрынырақта да ойнаған едік – әр үш күн сайын ойын таңсық емес. Жігіттердің бойы үйренген мұндайға, өздерін жайлы сезінеді деуге болады», - деді «Қайраттың» бас бапкері.  

«Қайрат» ЧЛ 1-турында «Спортингпен» кездесіп, 1:4 ұтылған., енді ертең тиімді есепке қол жеткізуге ниетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×