“Ертіс” - Бірінші лигада аз гол жіберген ұжымдар арасында көш бастап тұр

13-тур қорытындысы бойынша Павлодар командасы өз қарсыластарынан тек 8 гол жіберген. 

“Ертіс” - Бірінші лигада аз гол жіберген ұжымдар арасында көш бастап тұр

Жалпы “Ертістің” қақпасын 35 нөмірде өнер көрсететін Никита Калмыков қорғайды. Ол өзі өткізген 13 кездесудің 9 гол жібермей, сенімді ойынымен көзге түсіп келеді.

Қақпашы “Ертіске” дейін 1 жылдай командасыз сандалып жүрді. Бірақ бағына орай, осы жылдың басында Никита көк-ақтармен келісімге келді. Содан бері Калмыков “Ертістің” негізгі құрам ойыншысы. 

Айта кетейік, 35 жастағы тәжірибелі голкипер өз мансабында “Жеңіс, “Мақтаарал”, “Қайсар”, “Ақсу”, “Қызылжар” клубтарында доп тепті.

Назарларыңызға Бірінші лигада аз гол жіберген ұжымдар тізімін ұсынамыз:

  1. “Ертіс” - 8 гол
  2. “Каспий” - 10
  3. “Алтай” - 10 
  4. “Жетісай” - 13
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ертіс ФК
Aladop Youtube
×