"Ертіс" ФК Бірінші лигаға жолдама алды

03.10.2024, 22:43

Қайта жаңғырған Павлодардың "Ертіс" футбол клубы алғашқы маусымында-ақ Екінші лигада топжарды. Бірінші лигаға жолдама жеңіп алған керекулік футболшыларды бүгін Ертіс өзенінің жағалауында салтанатты түрде марапаттап, шараға команданың мыңдаған жанкүйері жиналды.

"Ертіс" ФК Бірінші лигаға жолдама алды

Бес дүркін Қазақстан чемпионы деген атағы бар “Ертіс” бірнеше жыл бұрын банкротқа ұшырап, қарызға белшесінен батқан клуб жабылған болатын. Былтыр команданы қайта құру туралы жанкүйерлерден толассыз ұсыныс түсіп, Павлодар облысының әкімі тарихы терең команданы жандандыруға уәде еткен. Міне, биыл қайта “тірілген” “Ертіс” Екінші лигада сынға түсіп, біріншілікте айқын басымдықпен жеңімпаз атанды. Еліміздің даңқты клубының тізгіндеген Талғат Байсуфинов өзіне жүктелген міндетті орындап, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Бірақ, павлодарлық команда мұнымен тоқмейілсімейді. Жергілікті әкімдік тарапынан келер жылы да “Ертіске” барынша қолдау көрсетіліп, жаңа маусымда Премьер-лигаға шығуға талас жүргізетін бірден бір команда болады. Иә, Павлодарға үлкен футболдың оралғанына қуаныштымыз. Енді көп ұзамай үздіктер қатарына қосылады деген үміт бар.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×