“Ертіс” ФК кезекті трансфер жасады

Бұл жолы Павлодар ұжымы қорғаушы Данила Нечаевты қатарға қосты.

“Ертіс” ФК кезекті трансфер жасады

“Днепр” Могилев командасы түлегі өз мансабында “Лида”, “Белшина”, “Торпедо” Жодино,  және БАТЭ ұжымдарында өнер көрсетті. Аталған командалармен Данила Беларусияның Кубогын, және Суперкубогын екі мәрте жеңді. 

Нечаевтың еурокубок турнирлердегі тәжірибесі де жаман емес. 26 жастағы ойыншы беларусь үздіктерімен Чемпиондар Лигасы, Еуропа және Конференция Лигасы турнирлерінің іріктеуінде өнер көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Кирилл Альшевский командасы жартылай қорғаушы Павел Седько мен Владислав Климовичпен келісімге келді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×