“Ертіс” футбол клубының өкілдері жол апатынан қаза тапқан бапкер Әлібек Жүсіповтің отбасына барды

21.04.2025, 10:00

18 сәуірде Павлодардан Астанаға балалар турниріне бара жатқан балалар футбол командасы жол көлік апатына ұшыраған. Осы қайғылы жағдай салдарынан жаттықтырушы Әлібек Жүсіпов қаза тапқан болатын.

“Ертіс” футбол клубының өкілдері жол апатынан қаза тапқан бапкер Әлібек Жүсіповтің отбасына барды

“Ертіс” футбол клубының өкілдері бапкердің туған-туыстарына барып, қайғырып көңіл айтып, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың қолдау сөздерін жеткізді.

“Ертіс” және Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасына моральдық және қаржылық көмек көрсетеді, бұл көмек тұрақты түрде, яғни ұзақ мерзімде жалғасатын болады.

Апатқа ұшыраған балалар мен олардың денсаулығы федерация мен клубтың тұрақты бақылауында. Олардың жағдайына қатысты тиісті қолдау мен көмек көрсетілуде.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×