Бірінші лигада қандай өзге клубтардың ойыншылары сіздің көңіліңізден шықты?
- «Каспий» клубының шабуылшысы Мирас Тұрлыбек 21 гол соғып, Бірінші лигада үздік сұрмерген екендігін танытып үлгерді. Болашағынан үміт күттіретін шабуылшы. «Алтай» командасынан Ибрагим Дадаев ең үздік маусымдарының бірін өткізуде. Сондай-ақ, Әділет Омарбек те «Алтайдың» маңызды ойыншысына айналып үлгерді. Ол басында қосалқы құрамның футболшысы еді. Алайда Әділет Омарбек өзіне берілген уақытта бірнеше гол соғып, командасына маңызды ұпайларды әперді. Қазіргі таңда «Алтайдың» негізгі құрамына ауысып, жақсы әсер қалдырып жүр.
Дәл қазіргі сәтте 23 турдан кейін «Каспий» Премьер-лигаға жолдама алып қойса, қалған екі жолдама үшін, «Ertis», «Алтай», «Шахтер» клубтары талас жүргізуде.