Ertis маусымды ерте аяқтады, ал «Қайсар»…

03.06.2020, 22:46
Қызылорда, сенде бәрі тыныш па?
Ertis маусымды ерте аяқтады, ал «Қайсар»…

Осы уақыт аралығында ел футболында да біраз өзгеріс бол­ды. Қаржылық жағдайға байла­нысты павлодарлық Ertis клубы футболдан Қазақстан чемпио­натына қатысудан бас тартты. Кәсіпқой футбол лигасына атал­ған командадан өтініш келген. Онда футбол клубының қамқор­шылық кеңесінің жалпы жина­лысында клуб тарапынан қаржы және спорттық міндеттемелерді орындай алмайтыны жөнінде шешім қабылданғаны жазылды. Осыған байланысты команда 2020 жылғы OLIMPBET фут­бол­дан Қа­зақстан чемпионатына қатыспайтын болды.

– Қабылданған өтінішке бай­ланысты Ertis футбол клубы чем­пионатқа қатысушылар тізі­мінен шығарылады. Футболдан Қазақ­стан чемпионаты регла­ментінің 4.18 пунктіне сәйкес, егер де чем­пионаттан шығарылған клуб чем­пионат барысында 22 ойын­нан кем кездесу өткізсе (1-ші және 2-ші айналымды аяқта­ма­са), оның барлық нәтижесі жо­йы­ла­ды. Со­нымен қатар Ertis коман­дасы Қа­зақ­стан чемпио­натына қатысу­дан бас тартқаны үшін клуб­тың жастар командасы екін­ші лига коман­да­лары ара­сын­дағы бірінші­лікке қа­тыса ал­­майды. Ertis футбол клу­бы­ның бар­лық ойыны чемпио­нат­тың жа­­ңар­­тылған күнтізбесінен алы­­нып тас­­талады, – деп мәлім етті Қа­зақ­стан кәсіпқой футбол лигасы.

Бұл жаңалық еліміздегі барша футбол мамандары мен бірін­шілікте өнер көрсететін футбол­шыларға да ауыр тиді. Өйткені Қазақстандағы ең титулды клуб­тың, футболдан 5 дүркін ел чем­пионы атанған команданың қазіргі жағдайы тіптен қиын.

Қаржылық дағдарысқа ұшыра­ған клубтардың қатарында қы­зыл­ордалық «Қайсар» да бар. Клуб қазірдің өзінде бюджетін 1,4 млрд теңгеге қысқартыпты-мыс. Ауыз­бірлігіне селкеу түсіп, бере­кесі қа­ша бастаған ұжымнан кеткісі келе­тін­дер көп. Әсіресе, легионер­лер ко­мандамен жа­салған келісім­шартты уақытынан бұрын үзуде. Олардың көпшілігі карантин ке­зін­де айлық­тарының қысқар­тылғанына нара­зылық білдірген. Алғаш­қылардың бірі болып командадан Иван Пешич кетті. Одан кейін клубтың тә­жірибелі қақпашысы Александр Григо­рен­коның, болгариялық ша­буылшы Александр Колев, ресейлік қор­ғаушы Алексей Шум­ских және тағы басқа ле­гио­нерлердің де командадан кететіні туралы ақпа­рат тарады. Бас бап­кер Стойчо Мла­деновтың да «Қайсарда» қалу-қалмауы әзірге белгісіз.

Абылайхан ЖҰМАШ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×