“Ертіс” сапы жаңа ойыншымен толықты

Даниял Какенов - “Ертіс” ФК қатарына қосылды, деп хабарлады Павлодар ұжымының баспасөз қызметі.

“Ертіс” сапы жаңа ойыншымен толықты

22 жастағы жартылай қорғаушы “Екібастұз” футбол клубының тәрбиеленушісі болып табылады. Кеншілер командасында 2021 жылы 18 жасында “Тараз-Қаратауға” қарсы ойында дебют жасап, сол жылы “Байқоңыр” ұжымына қарсы кездесуде алғаш рет гол соққан еді. Осы уақытқа дейін “Екібастұз” футбол клубы сапында 70 матч өткізіп, 8 гол соққан. 

“Ертіс” командасы осы жазғы трансферлік ауысымда Темірлан Төребек, Әбинұр Нұрымбет, Асқар Сатышев, Арман Кеңесов, Нұрғайни Бөрібаевпен құрамын күшейтті. 

Павлодар ұжымы келесі кездесуін өз алаңында өскеменнің “Алтайына” қарсы өткізеді. Ойынды жергілікті жанкүйлер 11 шілде күні Орталық стадионда сағат 19:00-де тамашалай алады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ертіс ФК
Aladop Youtube
×