“Торпедо” Мәскеу ойыншысына тиесілі Виталий Ботнарь Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді деп күтілуде.
24 жастағы қақпашы “СКА-Хабаровсктан” “Ертіс” ұжымына жалға баратын болады. Виталий бұған дейін тек өз отанында ойнаған. Ол “Торпедо”, “Пари НН”, “Локо Москва”, “Локо-Казанканың” барлығын қосқанда, 100-ден астам ойын өткізді. Алайда өткен маусымда Ботнарь СКА ұжымында бірде-бір рет ойынға шықпады.
Трансфермаркет 24 жастағы жас қақпашыны 250 мың еуроға бағалайды.
Айта кетейік, соңғы 2 күні “Ертіс” командасы қорғаушы Мамаду Мбодж бен жартылай қорғаушы Кирилл Раскатовты қатарға қосты.