Ертісбаев қоғаммен қарым-қатынас департаментін басқара ма?

15.11.2012, 23:13
Ертісбаев қоғаммен қарым-қатынас департаментін басқара ма?

Кеше отандық сайттардың біразы «Елбасының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен қарым-қатынас департаментіне басшы болып бекітіліпті» деп жазды. Мұндай ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ. Сонда қайдан шықты?

 Кеше отандық сайттардың біразы «Елбасының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен қарым-қатынас департаментіне басшы болып бекітіліпті» деп жазды. Мұндай ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ. Сонда қайдан шықты? Жексенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің кезекті басқосуы өткен. Осы басқосудан соң Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен аталмыш федерацияның өзге де басшылары журналистермен кездесіп, баспасөз мәжілісін өткізді. Сол баспасөз жиынына «Алаша Арена» сайтының де тілшісі қатысып келді. Бірақ онда кейбір сайтар жазғандай, Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі департаментінің басшысы ретінде таныстырлған жоқ. Тек Ермұхамет Ертісбаевтың Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі екендігі айтылып, оның алдағы уақытта аталмыш федерацияның Қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі департаментіне бас-көз болатындығы тілге тиек етілген болатын. Ал Қазақстан футбол федерациясының Қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі департаментінің директоры - сол бұрынғысынша Измаил Бзаров. Кеше біз Бзаовпен хабарласып, осы дақпырттың қайдан шыққанын білуге тырыстық. Бзаров бізге, «бір жас журналист дұрыс түсінбей, солай жазып жіберіпті. Негізінде, Ермұхамет Ертісбаев осы департаменттің жұмысына бас-көз болып, маған куратор болады» деп жауап берді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×