«Жетісудың» бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовтің алдағы маусымдағы жұмыс орны белгілі секілді.
Vesti.kz мәлімдеуінше, Қ. Нұрдәулетов павлодарлық клубтың бас бапкерлігіне негізгі үміткер саналады. Естеріңізде болса, осыған дейін Қ. Нұрдәулетов пен «Тұран» арасында келіссөздер жүріп жатыр деген ақпарат тараған. Алайда екі жақ ортақ келісімге келе алмаған сынды.
«Ертіс» өткен маусымда екінші лигада бақ сынап, бір саты жоғарылады. Ендігі мақсаты - ҚПЛ-ге көтерілу. Қайрат Жұмабекұлын павлодарлық клуб осы мақсатты орындау үшін де шақырып отырғанға ұқсайды.
Айта кетейік, отандық бапкер футболшы кезінде «Ертіс» сапында доп тепкен. Павлодарлық командамен екі рет ел чемпионатын ұтып, 2002-маусымда премьер-лиганың үздік жартылай қорғаушысы атанған еді.
Біздің серіктес: FONBET