Аталған қарыздың тек 200 миллионы ғана төленген. Сондықтан да клубтың барлық шоттары жабылып, түскен қаржылар шегеріліп жатыр. Легионерлер мен бапкерлерге 700 миллион теңгедей берешек бар. Ал жалпы сома миллиард 800 миллионға жеткен. Бұған кім жауап берері де белгісіз.
Облыстық туризм және спорт басқарамыс мұны сапасыз легионер мен ақылға қонбайтын трансферлер жасаған басшылықтың салғырттығы деп отыр. Павлодар футбол клубы премьер-лигаға қатыспайтын болды. Бас командамен бірге жастар құрамы да таратылды. «Ертістен» бас демеушші болып келген компанияның өзі бас тартты. Ал футболшылар енді «Екібастұз» футбол клубының сапына ауыспақ.
Марат Айдашев - Павлодар облысы Туризм және спорт басқармасының жетекшісі
Демеушілік мәселесіне байланысты қаржы қарастырып көрдік. Бірақ небәрі 200 миллион ғана түсті. Бұл қаржы тек қаңтар айының жалақысын өтеуге ғана кетті. Ал қалған айдың жалақыларын бере алмай, футболшыларға қарыз болып қалдық. Аудит жүргзіп клубтың 2016 жылдан бері салықтық қарыздарының әлі төленбегенін байқадық.
Максим ЖАЛМАҒАМБЕТОВ –«Ертіс» ФК қорғаушысы (2010—2011 ж)
Мен бұл жаңалықты естіп, қатты қапа болдым. Мен бұл команданың намысын қорғап, кезінде қола жүлдегер атанған едім. Енді клуб жабылады дегенді естіп, таңқалып отырмын.
Менеджменттің ақсап тұрғанынан Павлодар футболы қиын қыстау заман кешіп отыр. Клубты әркім келіп жұлмалап, өз ығына тарта беріпті. Көп қаржы да желінген. Бұл тұста тек жанкүйерлерден обал. Олардың еш кінәсі жоқ. Облыста үш кәсіпқой клуб бар. Олардың жас талантты футболшылары «Ертіс» сапына ойнауды армандайтын. Фанаттардың көңіліне сызат түсірген бұл жағдай өзге өңірлерде де қайталанып қалатын секілді.
Біздің серіктес: FONBET