Павлодарлық "Ертіс" құрамын тәжірибелі футболшымен күшейтуге жақын. Беларусьтік қорғаушы Данила Нечаев алдағы күндері Павлодарлық клубпен ресми түрде келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ухо телеграм арнасының мәліметінше Павлодарлық клубтың қорғаныс шебін нығайту үшін таңдауы 26 жастағы Беларусь елінің өкілі Данила Нечаевқа түсті. Тараптар келіссөздің соңғы кезеңіне келген.
Данила Нечаев туралы не білеміз?
Нечаев — соңғы жылдары өз елінің чемпионатында тұрақты өнер көрсетіп жүрген сенімді қорғаушылардың бірі. Оның мансабына көз жүгіртсек:
Соңғы клубы Жодиноның "Торпедо” сапында екі маусым ішінде 72 кездесуге қатысып, 1 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.
Ол "БАТЭ”, "Белшина”, "Лида” және Могилевтік "Днепр” сияқты белді ұжымдардың намысын қорғап, 2021-2024 жылдар аралығында Беларусь ұлттық құрамасына тұрақты шақырту алу арқылы халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтаған.
Павлодар футболы қайта өрлеу жолына түскен тұста, Нечаев сияқты оңтайлы жастағы және ұлттық құрама деңгейіндегі ойыншының келуі команданың қорғанысын едәуір нығайтпақ.