Танымал маман Болат Есмағамбетов ЧЛ жалпы кезеңінің 3-туры аясында болған «Қайрат» - «Пафос» кездесуіндегі атмосфера мен жанкүйерлер қолдауына тоқталды.
«Кеше стадионның шамамен 70 пайызы толды. «Орталық» стадионға «Қайраттың» нағыз жанкүйерлері жиналды. Осыған кәдімгідей ішіміз жылып қалғанын жасырмаймыз. «Реалмен» болған кездесуде ешкімге жасырын емес, «Қайрат» фанаттарына қарағанда басқа, бөтен адамдар болды ғой. Тіпті, олардың дені футболдан алыс, бұл ойынды мүлде түсінбейтіндер де жиналғанын көрдік. «Реалды» көрсек дегендер, басқа да ниетпен келгендер басым болған. Ал кеше ондай ешкім болмады, тек қана «Қайраттың» шын жанашырлары мен футбол жанкүйерлері жиналған. Осы жағдай, осындай атмосфера қатты ұнады. Стадионға шынайы фанаттардың жиналып, командасын алға сүйрегені керемет әсер береді», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, «Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 3 турдан кейін бір ұпаймен 36 команданың ішінде 33-орында келеді.