Танымал маман Болат Есмағамбетов «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалап, болжамын айтты.
Алматылық клуб Еурокубоктің негізгі раундында өз алаңында «Реал» Мадрид, «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» командаларын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Арсенал», «Интер», «Копенгаген» және «Спортингпен» жолығады.
«Пафос», «Олимпиакос», «Брюггені» Алматыда ұтуға бола ма? Әрине, неге ұтпасқа? Оған өзі де барлығымыз куә болып келе жатқан жоқпыз ба? «Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетпесе де, «Купс», «Слованды», «Олимпианы» өз алаңында ұтып кетті. Бұл үш команданы іріктеудегі клубтардан қатты мықты деуге келмейді. Шамамамен «Селтикпен» бір деңгейдегі клубтар ғой. Қалай дегенде де, Алматыда бұларды жібермеу керек, барынша ұпай жинап қалған дұрыс. Негізгі кезеңде үздік 24 ұжым ары қарай өтеді. Былтыр «Брюгге» мен «Спортинг» 11 ұпаймен плей-оффқа шығып кеткен болатын. Біз де солай істей алсақ, жақсы болар еді», - деді Б. Есмағамбетов.
Аталған ойындардың күнтізбесі бүгін-ертең белгілі болады.