«Ақтөбе» клубы 24 жастағы қорғаушы Ескендір Қыбыраймен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Қазақстандық футболшы алдағы екі маусым бойы осы команданың намысын қорғамақ.
Ескендір - алматылық «Қайраттың» түлегі. Одан бөлек, талдықорғандық «Жетісуда» өнер көрсеткен.
Премьер-лиганың өткен маусымында Қыбырай қарағандылық «Шахтер» сапында ойнап, 22 матчта 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Ескендір бұған дейін Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсетті. Ал биыл еліміздің басты командасына шақырту алды.
Біздің серіктес: FONBET