Ескі жау атыспаққа жақсы

Қазақстан құрамасы мен Молдова ұлттық құрамасы арасында 5 мәрте ресми матч ойналған. 2 ойында Молдова басым түссе, 2 ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Ал бір матч тең аяқталған екен.
Ескі жау атыспаққа жақсы

№107. МОЛДОВА — ҚАЗАҚСТАН - 1:0 (1:0). Жолдастық матч

Гол: Бугаёв, 13 (1:0)

МОЛДОВА: Каланча (Ст.Намашко, 46), Лащенков, Головатенко, А.Епуряну, Сер.Намашко, Комлёнок (Тестимицану, 64), Жосан, Гацкан (Илеску, 82), Андроник (Змеу, 46), Бугаёв (Калинков, 73), Алексеев (Фрунзе, 46). Бас бапкер - Игорь Добровольский

ҚАЗАҚСТАН: Мокин, Смақов, Кучма, Жалмағамбетов, Нұрдәулетов, Балтиев, Асанбаев (Ларин, 65), Карпович (Родионов, 79), Жұмасқалиев (к), Сүймағамбетов (Остапенко, 60), Бяков. Бас бапкер – А.Пайперс

Ескертулер: Бугаёв, 35 - Кучма, 80

Алаңнан қуылған: Кучма, 90 (К)

6.02.2008. Анталия (Түркия), "Titanic". 300. Төреші: Геральд Лехнер (Аустрия)

Ең алғашқы матч 2008 жылы өтіпті. Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін 107 матч болған. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы кездесуде Молдованың бағы жаныпты. Олар небәрі бір голдың арқасында біздің құрамадан басым түсті. Ол кезде құраманың тізгінін Арно Пайперс ұстаған еді. Бұл матчта «дала қырандары» есепті теңестіру былай тұрсын, тіпті жеңіп кететіндей мүмкіндігі болған. Алайда, шабуылшылар мүмкіндіктерін мүлт жіберді.

№122. МОЛДОВА — ҚАЗАҚСТАН - 1:0 (0:0). Жолдастық матч

Гол: Епуряну, 64 (1:0)

МОЛДОВА: Намашко (Гайдучевич, 89), Армаш, Борец (Бологан, 87), Головатенко, Епуряну (к), Цыгырлаш, Чеботарь (Оника, 85), Бугаёв (Горчак, 87), Дорош (Андроник, 72), Савинов, Голбан (Суворов, 46). Бас бапкер – Гаврил Балинт (Румыния)

ҚАЗАҚСТАН: Сидельников, Ирисметов, Рожков, Логвиненко, Кислицын, Эрбес (Скорых, 85), Карпович (к), Нұрғалиев, Аверченко, Хижниченко (Финонченко, 87), Көкеев (Абдулин, 78). Бас бапкер – Б.Шторк

Ескертулер: Головатенко, 66, Суворов, 69 - Логвиненко, 53, Ирисметов, 69

Алаңнан қуылған: Логвиненко, 75 (К)

3.03.2010. Анталья (Түркия), Atatürk Stadyumu. Төреші: Владислав Безбородов (Ресей)

Араға 2 жыл салып Қазақстан мен Молдова тағы да кездесті. Түркиядағы ойында футболшылардың бабы әлі келіспеген еді. Жаңа жылдан соң жаттығу жұмыстарына енді кірісіп жатқан аяқдопшылар мардымды ойын көрсете қоймады. Бұл кезде құраманың бапкері Берн Шторк еді. Александру Епуряну салған жалғыз гол тағы да Молдоваға жеңіс сыйлады.

№143. МОЛДОВА — ҚАЗАҚСТАН - 1:3 (0:1). Жолдастық матч

Голдар: Дмитренко, 33 (0:1), Джолчиев, 59 (0:2), Дорош, 86 (1:2), Джолчиев, 90 (1:3)

МОЛДОВА: С.Пащенко, Головатенко, Раку, Булгару, Епуряну (к), Иванов (Ионицэ, 65), А.Пащенко (Бугаёв, 76), Гацкан (Оника, 59), Суворов (Георгиев, 46), Дедов (Даду, 73), Пикущак (Дорош, 51). Бас бапкер - Ион Карас

ҚАЗАҚСТАН: Сидельников (Мокин, 46), Киров, Логвиненко, Дмитренко, Гурман, Нұрдәулетов (к), Қонысбаев (Т.Байжанов, 85), Хайруллин (Көкеев, 78), М.Байжанов (Шахметов, 67), Нөсербаев (Остапенко, 55), Джолчиев (Хижниченко, 90). Бас бапкер – М.Беранек (Чехия)

6.02.2013. Кунду (Түркия), "Mardan". 2 500. Төреші: Хюсейн Гёчек (Түркия)

«Ер кезегі үшке дейін» демекші, үшінші матчта Қазақстан Молдованы жеңіп тынды. Қорғаушы Виктор Дмитриенко есеп ашқан соң, Бауыржан Джолчиев есепті еселеп тастады. Бауыржан сол ойынның соңғы минутында тағы бір гол салып, дубль авторы атанды. Ал Молдова командасынан алаңға алмасып енген Дорош қана көзге түсті. Бұл ойынға Қазақстан құрамасын чехиялық маман Мирослав Беранек баптап шығарды.

№160. МОЛДОВА — ҚАЗАҚСТАН - 1:1 (0:0). Жолдастық матч

Голдар: Щёткин, 48 (0:1), Гацкан, 54 (1:1)

МОЛДОВА: Чебану (к), Раку, Поcмак, Головатенко, И.Жардан, Ерхан, Оника (Раца, 57), Гацкан (Патраш, 84), Пикущак (Богиу, 46), Кептине (Кожокарь, 57), Сидоренко (Дедов, 57). Бас бапкер - Александр Куртеян

ҚАЗАҚСТАН: Эрич, П.Әлиев, Абдулин (Малый, 46), Воротников, Логвиненко, Сүйімбаев (Шомко, 46), Смақов (к) (Богданов, 53), Дарабаев, А.Нұрғалиев (Қожамберді, 74), Қонысбаев (Исламхан, 46), Щёткин. Бас бапкер – Ю.Красножан

Ескертулер: Логвиненко, 52, Қожамберды, 79 - И.Жардан, 42, Гацкан, 79

18.02.2015. Кунду (Түркия), Mardan Palace. Төреші: Алексей Николаев (Ресей) 

2015 жылы Қазақстан құрамасын баптаған Юрий Красножан жаңадан ойыншылар алып, құрамаға қан жүгіртті. Дебютанттарды аямай ойнатып, Түркиядағы ойында тексеріс жұмыстарын жүргізді. Олардың арасында көзге түскені «Тараз» ойыншысы Жақып Қожамберді болды. Жақып жақсы ойынымен бапкер көңілінен шығып, одан кейінгі матчтарға да шақырту ала бастады. АЛ осы матчта Алексей Щеткиннің қанжығасы майланып, ұзақ уақыттан кейін құрама сапындағы голын салды. Молдова құрамасы сапынан Александр Гацкан таразы басын теңестіріп кетті. Одан кейін матчта қатты бір шабуылдар орын алмады. Жолдастық кездесудің аты жолдастық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×