Қазақстан футболының ардагері Болат Есмағамбетов "Қайраттың" Лиссабонда өтетін "Спортингке" қарсы ойынына қатысты өз ойымен бөлісті.
"Қайратқа” бұл жолы оңай соқпайды. "Спортинг” тәжірибелі, мықты Еуропалық команда, оның үстіне өз алаңында ойнайды. Дегенмен, екі ұжым да жақсы қарқында келеді. Жақында ғана "Қарабақтың" жеңісі бүкіл аймаққа үлгі болды, мұндай қарсыластарды ұтуға болатынын көрсетті. "Қайраттың" да ең үлкен мақсаты жеңіске жету, бірақ олар қазірдің өзінде тарихи жетістікке қол жеткізді. Сондықтан команда ешқандай қысымсыз, жеңіл футбол ойнап, жанкүйерді қуантуы тиіс. Бұл олардың басты артықшылығы.” – деді Есмағамбетов.
Сондай-ақ ардагер қақпашы мәселесіне де тоқталды.
"Иә, жанкүйерлердің көбі қақпада кім тұрады деп алаңдап отыр. Шерхан "Ақтөбемен» өткен ойында дебют жасады, бірақ ол кездесуде қорғаныс сауатты ойнап, қарсыласты қақпаға жақындатпады. "Спортингке" қарсы матч нағыз сын. Шерхан үшін бұл нағыз шайқасқа кіріскен сәт болмақ. Ойын барысында оның дайындық деңгейін көреміз. Ең бастысы бәріміз командаға сеніп, қолдау көрсетуіміз керек." – деп қорытындылады ол.
– Спорт Шредингера