Қазақстан футболының ардагері Болат Есмағамбетов Ұлттық құраманың Уэльске қарсы ойындағы мүмкіндіктері жайлы пікір білдірді.
"Уэльс пен Бельгия топтан шығуға басты үміткерлер. Алғашқы ойында қарсыласымыз бізден бір бас жоғары болып, заңды түрде жеңіске жетті. Қазір де олар фаворит саналады. Жаттықтырушысының айтқан жылы сөздері жай ғана алаң иелеріне жасалған комплимент. Объективті түрде алсақ, Уэльстің деңгейі бізден жоғары. Бірақ жанкүйерлердің қолдауымен Қазақстан тосынсый жасай алады. Егер ұпай ала алмасақ, онда іріктеу турнирін тек аяқтап шығу үшін ойнаймыз. Әлем чемпионатына жолдама үшін күресті ұмытуға тура келеді. Жалпы алғанда, мүмкіндіктер 60-қа 40 есебімен Уэльс жағында.”– деді Есмағамбетов.