«Эспаньол» шабуылшысы «Реал Мадридтің» назарына ілікті

30.04.2022, 23:36
Шабуылшы «Реал Мадридтің» түлегі болып табылады.
«Эспаньол» шабуылшысы «Реал Мадридтің» назарына ілікті

«Эспаньолдың» шабуылшысы Рауль де Томас жазда командасын ауыстыруы мүмкін. 27 жастағы шабуылшыға «Реал Мадрид» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің айтуынша, егер мадридтік клуб дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алмаса, Рауль де Томасты қатарға қосуға тырысады. Сондай-ақ «Хетафеде» жалдау шарты бойынша ойнап жүрген Борха Майоральді қайтарып алуы мүмкін.

Де Томас - «Реал Мадридтің» түлегі. Шабуылшы «Эспаньолға» 2020 жылдың қаңтарында «Бенфикадан» 22,5 миллион еуроға ауысып келді. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2026 жылдың маусымына дейін есептелген. Transfermarkt мәліметі бойынша ойыншының нарықтық құны 20 миллион еуроны құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×