"Эстраданың жарық жұлдызы Ерке Есмахан бүгін Премьер-лиганың 23-тур қарсаңында Ақтөбеде өтетін жергілікті "Ақтөбе" мен елордалық "Астана" арасындағы матчының үзіліс кезінде жанкүйерлер үшін ән салады. Әншінің жергілікті халық алдындағы өнер көрсетуі "Ақтөбе" футбол клубының 50-жылдығы мен "13 сектор" деп аталатын еліміздегі ең мықты жанкүйерлерінің бірігуіне биыл 11 жыл толуына байланысты орайластырған"- деп хабарлайды "Ақтөбе" футбол клубының инстаграмдағы ресми парақшасы.
Ерке Есмахан бүгінгі күні Қазақстандағы ең танымал әншілердің бірі. Оның бейне-роликтері ғаламторда миллиондаған қаралымдар жинайды, ал Еркенің өзі кез келген той-думандардың сыйлы қонағы. Мысалы, "Қайда" деген бейне-клипі ғаламторда 15 000 000 қаралым жинаса, ал "Алло" деп аталатын бейне-клипын 21 000 000 рет қараған.
Руслан Мералиев