Этрит Бериша: «Қазақстан қарсы шабуылға келгенде өте қауіпті»

11.10.2020, 02:37
«Лацио» қақпашысы Стракоша болмағандықтан, алдағы матчта Албания құрамасының қақпасын Бериша күзететін болады.
Этрит Бериша: «Қазақстан қарсы шабуылға келгенде өте қауіпті»

Албания құрамасының капитаны Этрит Бериша алдағы УЕФА Ұлттар лигасының Қазақстанға қарсы ойыны туралы пікір білдірді.

- Қазақстан құрамасы туралы не білесіз?

- Менде көп ақпарат жоқ, бірақ мен Қазақстанда жақсы командалардың көп екенін білемін. Мысалы, Еуропа лигасында ойнайтын "Астана". Біз бұл кездесуге жақсы дайындалғанбыз, қарсыластың өте жақсы шабуыл жасайтынын білеміз.

- Топтағы барлық командалар бірдей ұпай жинады. Албания әлі де фаворит пе?

- Менің ойымша, Албания топтың фавориті болып қала береді, бірақ Литваға қарсы ойын барлық қарсыластардың мықты екенін көрсетті, сондықтан біз өз деңгейімізді көрсетуіміз керек. Алдағы матчтарда топта өзгеріс жасауға тиіспіз.

- Сіз Албанияға Италиядан келу үшін біраз қиналдыңыз. Бұл жағдайдан қалай шықтыңыз?

- Иә, Италияда коронавирустық пандемияға қатысты кейбір мәселелер қайта басталды. Кейбір командаларда сынақтан оң нәтиже алған және карантинге кетуге мәжбүр болған ойыншылар да пайда болды. Мен клубпен ұлттық құраманың матчтарына баруға келістім. Құрамаға мен керек едім, және осында келдім.

- Сіз Қазақстан құрамасының ойыншыларын білесіз бе?

- Мен шабуыл шебіндегі футболшылардың ойынын көрдім. Сондай-ақ команда капитаны Бауыржан Исламханды атап өткім келеді, оның құрама сапындағы көшбасшы ойыншы екені анық. Қазақстан қарсы шабуылдар жасаған кезде өте қауіпті. Сондай-ақ қорғаныстағы ойыншылары, мен олардың бойының ұзын екенін білемін, олар шабуылға қосылған кезде қауіпті деп ойлаймын. Біз ертең жеңгіміз келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×