Команда құрамаына «Уиган» командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Маккарти енбей қалған. Ол онкологиялық ауруға шалдыққан әкесінің сыртқанына байланысты Украина мен Польшаға барудан бас тартыпты. Ал Ирландия командасында биыл ғана алғашқы ойынын өткізген Джеймс Макклин және мәскеулік «Спартакта» ойнайтын Эйден Макгиди біріншілікке қатысады.
Еуро-2012 турниріне баратын Ирландияның толық құрамасы: Қақпашылар: Шей Гивен («Астон Вилла»), Киран Вествуд(«Сандерленд»), Дэвид Форд («Миллоулл»). Қорғаушылар: Джон О’Ши («Сандерленд»), Стивен Келли(«Фулхэм»), Стефен Уорд, Кевин Фоли (екеуі де – «Вулверхэмптон»),Ричард Данн («Астон Вилла»), Шон Сент-Ленджер («Лестер»), Даррен О’Ди («Лидс»). Жартылай қорғаушылар: Джеймс Макклин («Сандерленд»), Гленн Уэлан («Сток Сити»), Кейт Эндрюс («Вест Бромвич»), Кейт Фейхи («Бирмингем»), Даррон Гибсон («Эвертон»), Дэмьен Дафф(«Фулхэм»), Эйден Макгиди («Спартак»), Стивен Хант («Вулверхэмптон»). Шабуылшылар: Робби Кин («Лос-Анджелес Гэлакси»), Кевин Дойл («Вулверхэмптон»), Шейн Лонг, Саймон Кокс (екеуі – «Вест Бромвич»), Джонатан Уолтерс («Сток Сити»).
Дегенмен, Ирландия құрамасының бас бапкері Джованни Трапатони 28 мамырға дейін бұл тізімге өзгеріс енгізе алады. Ойыншылардың бірі жарақат алып қалса, қосалқы құрамадағы Даррен Рендольф («Мотеруэлл»), Пол Макшейн («Кристал Пэлас»), Пол Грин («Дерби»). Шеймус Коулман («Эвертон»), Энди Кио («Миллуолл») тізімге қосылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Ирландия командасы топтық кезеңде Испания, Италия, Хорватиямен кездеседі.
аламан.кз
Біздің серіктес: FONBET