Еуро-2020 қарсаңында: Түркия құрамасына шолу

07.05.2021, 10:41
Түркия құрамасы.
Еуро-2020 қарсаңында: Түркия құрамасына шолу

Еуро-2020 қарсаңында айдарында бүгін Түркия ұлттық құрамасы туралы жазатын боламыз.

Ең алғаш 1923 жылы ұлттық құрама ретінде өз ойындарын бастады. Олар тырнақ алды матчында Румыния құрамасымен тең тарқасты. Есеп 2-2.

Түркия құрамасы биылғы Еуро-2020 додасына дейін 2000 жылдан бері 3 рет осы бәсекеде бақтарын сынады. Иә, барлығы сәтті болды деп айтуға келмейді. Еуропа чемпионатында көрсеткен үздік нәтижелері 2008 жылы тіркелді. Олар жартылай финалға дейін барды. Бұдан бөлек түріктер 2000 жылы турнирдің 1/4 сатысында жеңіліс тауып үйлеріне қайтуға мәжбүр болса, 2016 жылғы додада топтан ары аса алмады.

2004-2012 жылдары Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті.

Түркия құрамасының әлемдік ала доп бәсекесінде де ауыз толтырып айтатын жетістіктері жоқ. Сол бір 2002 жылғы әлем чемпионатындағы жарқын ойындарынан кейін, мүлде әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады. Олар 2002 жылғы аламанда қолаға қол созған болатын. Оларды сол жылғы чемпиондар Бразилия құрамасы ғана ұта алды.

Осылайша бұл құраманың бүгінге дейін ең жарқын уақыты ретінде 2000 жылдардың басы болып тіркелді. Тиісінше 2003 жылы Конфедерациялар кубогінде де үшінші орынды місие тұтты.

Құраманың ең ірі жеңісі 7-0. Дәл осы есеппен 1949 жылы Сирияны, 1954 жылы Кореяны, 1996 жылы Сан-Мариноны жеңді. Ал, ең ірі жеңілістері 0-8. 1968 жылы Польшаға, 1984 және 1987 жылдары Англия құрамаларына осы есеппен жол берді.

Бұл құраманың ең үздік сұрмергені - Хакан Шүкір. 1992-2007 жылдары өз елінің намысын қорғаған шабуылшының еншісінде 51 гол. Осы бір ең үздік шабуылшысының еншісіндегі бір голды ерекше атап айтуға болады. Ол 2002 жылғы үшінші орын үшін болған ойында Корея қақпасына әлем чемпионатында соғылған ең жылдам голдың авторы атанды. Голды 11 секундта соғып, есеп ашқан.

8xTfxvwGbOQBiEtFVggAAAABJRU5ErkJggg==


Ал, бұл құрамада ең көп ойын өткізген, ол, қақпашы - Рүштү Речбер. Ол жасыл алаңда 1994-2012 жылдар аралығында 120 матч өткізген.

YDhIcm8L8A5I3n5h11gYoAAAAASUVORK5CYII=

Жаңағы үздік сұрмергендері Хакан Шүкір бұл тізімде екінші болып жайғасқан. Оның қоржынында 112 ойын.

Түріктер Еуро-2020 додасының іріктеуінен іркілмей өтті. Тіпті жақсы нәтиже көрсетті. 10 ойынның 7-ін жеңіп, 2 ойын тең ойнап, 1 мәрте қарсыластарға жол берді. Франция, Исландия, Албания, Молдова, Андорра секілді құрамалармен бір топта болды. Әрине, айтарлықтай мықты топ емес, дегенмен осы топтың алпауыты Франциядан 4 ұпай ала алды. Осы іріктеу кезеңінде Түркия Белгиямен қатар өз қақпаларына ең аз гол жіберген құрама болды. (3 гол)

Еуропа бәсекесіне құраманы Шенол Гюнеш (қақпашы) бастап келеді. 68 жастағы маман 2019 жылдан бері құрама тізгінін ұстаған.

L2qMB1pMeAxIroNakYm1GOHpMS9owo9GSqYM1UwWJSQhA4kjZnSOCIRiOVRcaABK4lPZYFjiTOYlIzgsBZM+SwZSpY4HpyVLDnRoMkjgSuNV3K8taQFs7yRhJXmx6JOpME9RlSNGTK8P8ACtDjYvBDCaMAAAAASUVORK5CYII=

Құрамын мықты деген ойыншылармен жасақтаған. Олардың тізімінде: Чалханоглу Х. Языджы Ю. Сёюнджю Ч. Йылмаз Б. Туфан О. Кабак О. т.б.

Түріктер А тобында Италия, Швейцария, Уэльс командаларымен бақ сынасатын болады. Сонымен қатар Түркия Италия құрамасымен маусым айының 12-ші жұлдызында, сағат 01:00 осы чемпионаттың беташар кездесуін өткізеді.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×