Кеше Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы плей-офф матчтары өтті, оның қорытындысы бойынша Еуро-2020 турнирінің барлық қатысушылары анықталды.
Өткен жылғы ұлттар лигасындағы Қазақстанның қарсыласы атанған Грузия құрамасы өз алаңында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп, финалдық кезеңге өте алмады.
Венгрия құрамасы Исландиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жолдаманы жеңіп алды. Словакия қосымша уақытта 2:1 есебімен Солтүстік Ирландияны жеңді. Ал Шотландия Сербияны пенальти сериясында жеңді.
Еуро-2020 турнирінің қатысушылары келесідей топтарға бөлінді:
А тобы: Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария
В тобы: Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия
С тобы: Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония
D тобы: Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия
Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия
F тобы: Германия, Португалия, Франция, Венгрия
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионаты 2020 жылдың жазында өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты келесі жылға ауыстырылды.
Біздің серіктес: FONBET