Еуро-2020 турнирінің барлық қатысушылары анықталды

13.11.2020, 16:35
Кешегі матчтарда ҚПЛ-де өнер көрсететін ойыншылардың құрамалары жеңіліп қалды.
Еуро-2020 турнирінің барлық қатысушылары анықталды

Кеше Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы плей-офф матчтары өтті, оның қорытындысы бойынша Еуро-2020 турнирінің барлық қатысушылары анықталды.

Өткен жылғы ұлттар лигасындағы Қазақстанның қарсыласы атанған Грузия құрамасы өз алаңында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп, финалдық кезеңге өте алмады.

Венгрия құрамасы Исландиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жолдаманы жеңіп алды. Словакия қосымша уақытта 2:1 есебімен Солтүстік Ирландияны жеңді. Ал Шотландия Сербияны пенальти сериясында жеңді.

Еуро-2020 турнирінің қатысушылары келесідей топтарға бөлінді:

А тобы: Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария

В тобы: Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия

С тобы: Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония

D тобы: Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия

Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы: Германия, Португалия, Франция, Венгрия

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионаты 2020 жылдың жазында өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты келесі жылға ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×