Еуроға барып тұрмыз

02.03.2024, 22:41

Спорт жанкүйерлері Грекия Қазақстан матчына болжам жасады.

Еуроға барып тұрмыз

Ұлттық құраманың ЕУРО-2024-ке өту өтпеуі Ұлттар лигасындағы нәтижесіне байланысты. Плей-офф кезеңінің жартылай финалдық ойыны 21 наурызда Афинада өтпек. 

Еліміздің ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет ірі турнирдің финалдық кезеңіне «алтын жолдаманы» алуға жақын тұр. Дегенмен құрлықтық додаға шығу үшін іріктеу жарысында Словенияны ойсырата жеңгенде, тарихи жетістікке қол жеткізіп, басқаша сөйлейтін едік. Сырт алаңда ойнаған отандастарымызға алғашқы минуттан словениялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Десе де оған қазақстандық құрама лайықты қарсылық көрсете білді. Ал алдағы тағдырды шешетін матчқа жанкүйерлер қандай болжам жасайды?

“Барлық көрсеткіштер бойынша Грекия бізден алда. Шабуылшылары да мықты. Нидерланд чемпионатында бомбардир болғандар ғой. ФИФАның көрсеткіші бойынша бізден әлдеқайда жоғары әрі өз алаңында ойнағандықтан қолдау да жоғары болады, мысы басуы мүмкін. Өз алаңында 11 матчтың екеуінде ғана жеңілгендер” - дейді футбол фанаты Димаш Қадыр.

Алайда, кейбір керағар пікірлер де бар.
“Біз үшін маусым наурызда басталады.  Спортшылар демалыстан кейін жаттығуға жаңа қарқынмен келсе, қарсыластарымыз оған дейін шаршап, физикалық тұрғыда әлсіреп қалады” - деп тұспалдап отыр спорт журналисі Мұхит Омаров.

Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы ойын 2024 жылдың 21 наурызында Афинада өтеді. Бұл теке тірестің жеңімпазы Грузия-Люксембург жұбының үздік командасымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін плей-офф финалында таласады.

Диамара Қуанышқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×