Бүгін, 10 шілде, Еуропа мен Конференция Лигасының іріктеу матчтары өтеді. Аталған турнирлерде “Ақтөбе” мен шымкенттік “Ордабасы” бақ сынайды.
Ойын күннің алғашқы кездесуінде Qazsport арнасы “Торпедо” Кутаиси мен шымкенттік “Ордабасы” арасындағы матчты көрермен қауымға ұсынады. Конференция лигасы іріктеуінің 1 кезеңі ойынын Астана уақытымен сағат 22:00-де тамашалай аласыздар.
Осы кездесудің артынша, тағы бір қазақстандық команда Еурододаға түседі. “Ақтөбе” 11 шілдеге қараған түні польшалық “Легиямен” кездеседі. Аталған матчты да отандық телеарна тікелей эфирінен сағат 00:00-де тамашалай алуға мүмкіндік туып отыр.
Еске салайық, бұған дейін алматылық “Қайрат” Конференция іріктеуінде “Олимпия” Любляна ұжымымен тең тарқасып еді (1:1). Өкінішке қарай, бұл ойынды футбол сүйер қауым ұлттық арнадан емес, түрлі платформадан қосымша ақы төлеу арқылы тамашалаған еді.