Еурокубокке қатысатын қазақстандық командаларға қосымша қаржы бөлінбек

07.06.2021, 19:21
Төрт команданың әрқайсысы тағы 600 миллион теңгеден алады деп күтілуде.
Еурокубокке қатысатын қазақстандық командаларға қосымша қаржы бөлінбек

Еуропалық жарыстарда ел намысын қорғайтын Қазақстанның төрт командасы мемлекет тарапынан қосымша қаржылық қолдауға ие болмақ.

Үкіметтің аталған қаулыға қол қойғандығы хабарланды. Ресми құжаттың мәтініне сәйкес, мемлекеттен бөлінген қаржыны Чемпиондар Лигасына және УЕФА Конференция Лигасына қатысатын командалар алады.

Қазақстан Республикасының Спорт министрлігі елордалық «Астананың» бюджетін ұлғайту туралы шешім қабылдады, ал Алматы, Қостанай және Қарағанды қаласының ​​әкімдіктері «Қайрат», «Тобыл» және «Шахтер» клубтарына 600 миллион теңге төлейді.

Бастапқыда тек «Астана» ғана қосымша қаражат алады деп жоспарланған болатын. Алайда, кейінірек билік бұл шешімін өзгертті.

Қазақстандық командалар 15 маусымда еурокубоктің іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтайды. Осы күні Чемпиондар Лигасы мен Конференция Лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдеріне арналған жеребе тарту рәсімі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×