2025/26 жылғы еурокубоктық маусым «Астана» клубы үшін Швейцарияның «Лозанна» командасынан үшінші іріктеу кезеңінде жеңіліспен аяқталды.
Алғашқы ойында «Астана» қонақта «Лозаннадан» 1:3 есебімен жеңілді. Ал қарымта кездесуде өз алаңында 0:2 есебімен ұтылды. Осылайша, отандық клуб еурокубоктан шығып қалды.
Осы еуромаусымда «Астана» жалпы 900 мың еуро (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Маусым соңында бұл сомаға телетрансляциялық және маркетингтік құқықтардан түсетін төлемдер қосылады.
Еске салайық, «Астана» Конференциялар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастады. Осы кезеңде қазақстандық команда Молдованың «Зимбру» клубын екі ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, 2024 жылы елордалықтар Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққанның арқасында 3,8 млн еуро пайда тапқан еді.